"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Байсарина Ж.Б. Тақырыбы: «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

«Сергеевка орта мектебі» КММ

 

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»
(6Ә СЫНЫП)

 

Дайындаған:

Байсарина Жазира Боранбаевна

 

 

 

Сергеевка   ауылы

2020-2021 жыл

 

Мектеп: «Сергеевка орта мектебі» КММ
Сынып жетекшісі: Байсарина Ж.Б
6-сынып оқушыларымен қашықтықтан өткізілген тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек»
Мақсаты:
Оқушылардың мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
-мейірбандыққа тәрбиелеу.
Қажетті жабдықтар: нақыл сөздер ,түрлі түсті жүрекшелер,күн суреті , интерактивтік тақта.шар ,

Мұғалім:-Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін біздің «Мейірімді болса жүрек,орындалар тілек» тақырыбындағы қашықтықтан өткізілетін сабағымыз. Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз «Мейірімділікті» қалай түсінетіндерін сұрау . Көңіл-күйлерің қандай?

 

«Жан жылуы» ойынын ойнаймыз, қимыл қозғалыс арқылы көрсету
1. Мен сенен жылу аламын;
2. Жүрегіме саламын;
3. Досыма сыйлаймын;
4. Сәттілік тілеймін;
Мұғалім сөзі: өте жақсы балалар. – Осындай мейірімді, ақылды,білімді,қайырымды жандарды, көргеніме қуаныштымын.Ендеше бір –бірімізге күлімсіреп ,отырып бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.

Жаңа сабаққа дайындық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мейірімді болса жүрек ,орындалар тілек» Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп , тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныттыра алады?
-Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?»
Әңгімелесу мейірімділік адам бойындағы қасиеттер. Жақсы адам, ақ көңіл,жылы жүзді бауырмалды ,кешірімді,
Оқушылар мейірімділік туралы өз ойларын айтады. –сурет салады.
Жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, бірлік, махаббат, рақымшыл, бауырмалдық, жарастық, шыдамды, ынтымақ, жылы жүректі, сүйіспеншілік, қамқорлық, достық.
 

Мұғалімнің сөзі: Видео
Көрген видео сіздерге қандай сезім тудырды және қандай ой түйдіңіздер?
Жақсы қасиеттерге не жатады?

Адами қарым –қатынас деген не? Қарым-қатынас имандылық, көргенділік,мәдениеттілік белгісі. Балалар ата-аналарымызды әр қашан сыйлап мақтан тұтамыз.
 

1.Мейірімді адам қасиеттері:

2. Мейірімді істер:
Мейірбан, адал, адалдық,

Үлкенге көмек, ашық жарқын, кең пейілді,

қайырымдылық, барымен бөлісу, қол ұшын беру,

жанашыр, дархандық,жомарттық;

 

3.Жақсы қасиеттерге не жатады?
Сыйластық, кешірімділік,
 

Құрмет көрсету; Шағын видеоролик
 

            https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=0d65fb941761732cbea2bd430e171ae7&n=13

 

 

 

Қорытынды.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал  адам  әрдайым  жақсылық  жасауға  дайын тұрады. Ақ  ниетпен мейірімділік жасау  адамның  ішкі дүниесінің   байлығын, жан сұлулығын  көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің  бәрі  мейірімділік арқылы  жүзеге  асады. Мейірімділік  адамның  ізгілігін  анықтайды. Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, бүгінгі  шарамызды қорытындылайық. Әрқашан   жүрегіміз  мейірімділікке  толы  болсын!

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 08.01.2021 16:01
Құрылған күні: 08.01.2021 16:01

Текст