Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі» Қош келдіңіздер!
ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?
ІІІ. Спорттың шығу тарихы.
1)Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы.Қазақ жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз.
2) Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлерін кім маған атап береді?
• аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
• байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
• ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
• аударыспақ - ат үстінде алысу,
• жорға жарыс - жорғалар сыны,
• құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
• қыз қуу,
• көкпар - командалық ойын,
• жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
• күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
• сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
• шатраш (дойбының бір түрі),
• тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
• саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
• қазақша күрес,
• әйелдер күрес;
Жеңіл атлетика -
• жаяу жарыс,
• жігіт жарыс,
• әйелдер жарысы;
Күш өнері -
• балуан тас,
• түйе көтеру,
• өгіз жығу,
• асық ойындары және т.б.
3) «Атақты спортшылар туралы» мәлімет
Александр Владимирович Парыгин (1973 жылы туған) – бессайысшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1996). Азия чемпионатының күміс жүлдегері (1993), 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994) және Азия чемпионы (1995), Әлем кубогы бәсекесінің күміс жүлдегері (1995), 26-Олимпиялық ойындардың жеңімпазы.
Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша[1] шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер
4) Сөзжұмбақ шешу.
1. Жарыс өтетін алаң. (Стадион)
2. Азия ойындарының алғаш өткен жері. (Жапония)
3. Футбол ойынының атауы ағылшынның «fut» — «аяқ», “ bol” — қандай сөзден шыққан. (доп)
4. Қазақтың ұлттық спорт түрі (көкпар)
5. ҮІІ Қысқы Азиая ойындары өткен жер. (қазақстан)
5) Мақал- мәтелді толықтыр
1) Денсаулық - зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
8) Ауруын жасырған өледі
9) Денің сау болса... жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.