Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
Математика және логика
Дайындаған математика пәні мұғалімі
Зейнолда Оралбек
2020
ТҮСІНІК ХАТ
Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді. Осының бәрін елімізде өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі. Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Оқушының бейімдік дайындалу кезеңінде маңызды роль интеграцияланған элективті деп аталатын курстар атқарады, олардың негізінде пәнаралық және оқуға деген дара үйлестірімділік жатады. Тап осы мәселелерді шешу оқушының тағдырындағы ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай жасайды.
Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы . Сондай-ақ жазғы демалысты қызықты , жоспарлы өткізуге де септігін береді.
Бір жағынан бұл курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).
Бұл курстың мазмұнының тап осы бағытты ұстануы сансыз көп логикалық есептердің шешілуін болжайды, өйткені есептер шығару – бұл тұрақты үйреніп және жақсы үлгілерге еліктеу арқылы келетін практикалық өнер. Психологияның оқытуы бойынша есептерді шығару қажеттілігі туындаған кезде ойлау пайда болады. Әрбір есеп міндетті түрде жауапты талап ететін сұрақпен аяқталады. Қойылған сұрақ ойды оятады, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Элективті курсқа кіретін барлық есептер, олардың дәлелдеулері оқушыларға қиындықтар тудырмайды, өйткені құрамында қиын есептеулері жоқ, ал әрбір алдынғы есеп келесіге дайындық және әрбір есеп қайталанбайтындай етіп, қарапайымнан күрделіге қарай, әуестілігі мен қызықтылығын сақтай отырып таңдалып алынған. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, бағдарламаны оқушылардың, соның ішінде, жақсы математикалық дайындығы жоқ әртүрлі топтар үшін қолдануға болады.
Мақсаты: Логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, бағыт таңдауға саналы түрде дайындау, оқушының логикалық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың негізгі қызмет түрлері
Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі әлеуметтік желі арқылы қашықтықтан болатындықтан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету.
Курсты оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін:
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады :
ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері
Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін бағалау арқылы жүргізеді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.
Сабақта эвристикалық, өзіндік жұмыс істеу, көрнекілік, тәжірибелік, есептеу әдісін қолдану.
Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиісті:
Тақырыптық жоспар
№ |
тақырыбы |
Мерзімі |
1 |
Математика және логика /түсіндіру, баяндау |
01/06 |
2 |
Қызықты математика/ цифрлардың арасына +; - таңбаларын қою. |
02,03/06 |
3 |
Қызықты математика/ цифрлардың арасына +; - және көбейту мен бөлу таңбаларын қою. |
04,05/06 |
4 |
Арифметиканың төрт амалы |
08,09/06 |
5 |
Қызықты математика/ цифрлардың арасына +; - ; көбейту мен бөлу және жақша таңбаларын қою. |
10,11/06 |
6 |
Математикалық ребустар . жұлдызшаларды цифрлармен алмастырып қосу азайтуды орындау |
12,15/06 |
7 |
Математикалық ребустар . жұлдызшаларды цифрлармен алмастырып көбеутумен бөлуді орындау |
16,17/06 |
8 |
Әріптерден құрастырылған ребустар . Әріптерді цифрлармен алмастырып қосу азайтуды орындау |
18,19/06 |
9 |
Әріптерден құрастырылған ребустар . Әріптерді цифрлармен алмастырып көбеуту мен бөлуді орындау |
22,23/06 |
10 |
Әзіл есептер, жұмбақ есептер |
24,25/06 |
11 |
Сөзтізбе, ребустар, шырпымен есеп |
26/06 |
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1. Қызықты математематика . Т. Нургалиев. 2014ж
4.Логикалық тапсырмалар Katev -2009,2010,2011,2012 жж