"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы:"Елімнің ертеңі" Болатбекова А.М.

Сабақтың тақырыбы: « Елімнің ертеңі »

Мақсаты: Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын білдіре алатын және өз еліне пайдалы бола алатын, Отанын сүйетін, қастерлейтін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Ресімдеу: ҚР Елбасының, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы бейнеленген плакаттар

Музыкалық және бейне көркемдеу: ҚР Мемлекеттік Әнұранның аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» презентациясы.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: ноутбук.

Үлестірмелі материалдар: 

Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес: білу – түсіну – қолдану.

Тілдік құзыреттілік: Отан – Родина - Сountry

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: «Патриот» сөзінің мағынасы қандай екенін түсінді.
Нені меңгерді: Өз ойын жеткізе алды. Өмірде қолдана білді.

Нені қосамын:Жақсы оқып, тәртіпті болып Отаныма өз үлесімді қосамын.

Сабақ ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылады.

Мұғалім:           

Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Қуанышпен оқу жылы басталды,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

«Шаттық шеңбері»

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де (жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге (қолдарын жоғары көтереді).

Оқушылар түстер арқылы (сары, көк, жасыл) 3 топқа бөлінеді.

Білім күніне арналған алғашқы тәрбие сағатымыз «Елімнің ертеңі » тақырыбы аясында өтеді.

Видеоролик көрсету.

Материалды көріп болғаннан кейін түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы байқау.

І. - Балалар, сендер «патриот» деген сөзді естідіңіздерме, қалай түсінесіздер, ол қандай адам?

* Білім алушылар берілген суреттерден тақырыпқа қатыстыларын өз бетінше топтастырады.

ІІ.1.

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам.

Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.

Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.

Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру.

- Отан деген не, кім қалай түсінеді?

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

 

ІІ.2. Топтық жұмыс.

1-топ: «Менің Отаным» (суреттер арқылы Қазақстан туралы өз ойларын білдіреді)

2-топ: «Қазағымның салт-дәстүрлері» (қатысты суреттерді таңдап,қорғайды)

3-топ: «Мен ауыл құрылысшысымын» ( ауылдың суретін салады )

“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

ІІІ. Жақсылық –рефлексия

*Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында қандай қасиет болу керек?

  • Отанға деген сүйіспеншілік;
  • Отанға деген адал қызмет; т.б.

Мемлекеттік тілді дамытамыз.

 

Орыс тілін қолдаймыз.

 

Ағылшын тілін үйренеміз.

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Хормен:

Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ертеңіміз, еріміз.

Қорытынды:

Міне, балалар бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата Заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенемін. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ертеңі.

Хор: «Мен елімнің ертеңімін»

Болатбекова А.М. Бастауыш сынып мұғалімі

Жаңартылған күні: 31.03.2021 16:53
Құрылған күні: 31.03.2021 16:53

Текст