Текст
02.12.24ж. 5”Ә” сыныбында “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру табиғатты қорғауға, сақтауға, өзінің үлесін қосуға баулу Құндылықтарды дарыту: Әділдік және жауапкершілік Әр ұлт пен ұлыстың табиғатты пайдалануда, қорғауда ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, нанымдары, құндылықтары болатыны белгілі. Бұл әкенің қанымен, ананың сүтімен ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз дарып отыратын асыл қасиет.