24.10.2019-ғы № 10819/1.4-15/18277 шығыс хаты 24.10.2019-ғы № 7190 кіріс хаты |
Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) және
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы
қабылданғанының30 жылдығы мен
ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеу арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2019 жыл – Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы екенін хабарлайды.
Конвенция – бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді. Конвенция әлемнің 195 елімен ратификацияланған.
Балалардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатты іске асырудағы маңызды қадам біздің еліміздің 1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған тұңғыш халықаралық құжат - Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауы болды.
Қазақстан Республикасында 5 миллион 944 мың 828 бала тұрады, оның ішінде 2 миллионнан астам мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионнан астам мектеп жасындағы балалар, 570 мың оқушы жастар.
Мереке тұжырымдамасыосы атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар циклін ұсынады.
Іс-шаралардың тәрбиелік мақсаты:өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.
Мерекелік іс-шаралардың дамыту және үйрету мақсаты:балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезінуіне, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу. Тұжырымдаманы ратификациялау тарихын түсіндіру.
Тақырыбы: Балалар үшін біргеміз.
Мерекелік іс-шараларды өткізу мерзімі:2019 жылдың 25 қазаны -25 қарашасы аралығы.
Мерекелік іс-шаралардың мақсатты топтары:мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар, педагогтар және ата-аналар.
Ұйымдастырушылар:ҚР Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары, ҮЕҰ, БАҚ және т. б.