29.09.2022
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде Қарттар күні жыл сайын атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады.
Алда келе жатқан қарттар мерекесіне орай, бүгін мектебіміздің "Бірлік" еріктілер тобымен ауылдағы қарт әжелердің үйіне барып мерекесімен құттықтап қайттық.
Мектеп тәлімгерлері: Бағдат. Ә, Мункебаева К.