29.03.2023
5"Ә" сыныбында "Мен және менің достарым. Достық деген не?" атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір -бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Барысы: сынып сағаты шаттық шеңберінен басталды, оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтты.
Жетекші сұрақтар қойылды. Екі дос ертегісін тыңдады. Достық туралы мақал-мәтелдер айтты. "Реңжістік, Достастық" ойының ойнады. Соңында Жүректен - жүрекке жылы лебіздерін білдірді.
Сынып жетекшісі: Болатбекова Арайлым Маратовна