Текст
1" А "Сыныбында"Әкеге құрмет, анаға құрмет" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар аға буын өкілдеріне, ата-аналарға құрмет көрсетудің маңыздылығы туралы айтты. Балалар мақал-мәтелдер құрастырып, "бір сөз айт" ойынын ойнады, "отбасындағы әкенің рөлі туралы"мультфильмді тамашалады. Іс-шараның мақсаты оқушылардың бойында ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.