"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маман апталығы

23.05.2018

2017-2018 оқу жылында Сергеевка орта

мектебіндегі жас мамандар онкүндігінде өткізілген жұмыстарға талдау  

Жалпы жас маман бірлестігі  мүшелеріне қойылған мақсат пен міндеттер

мынадай болмақ:

 

 

 

Мақсаты: 

Жас маманның бірінші жыл жұмыс өтілі бойынша ,оның жеке қасиетін байқап және ескере отырып,оның бойындағы оқушыларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттіліктерді, бастамашылықты,жауапкершілігін бағалай отырып,шетел тілін оқытудың коммуникативтік – танымдық мақсатына жетуді қамтамасыз ететін кәсіби шеберлігі мол маман болып шығуына әдістемелік көмек көрсету

Міндеті:

Коммуникативтік тілдік ортаны құру үшін нәтижеге жетуде нақты шешім қабылдау;

Педагогикалық үрдістің тиімділігін көтеруге және өзін – өзі жетілдіруге,өзін-өзі көрсетуге ұмтылудағы жас маманның белсенділігінің сипаты;

Даму жолында әр түрлі деңгейдегі жағдайлармен өзара диалогтік қарым – қатынаста болуы.

Біздің мектепте 10 мамырдан  20  мамыр аралығында «Ұжымдық оқыту орындаушылық шеберлікті шыңдау және құзреттілікті дамыту негізі» тақырыбы бойынша жас мамандар күндігі өткізілді. 10 мамыр күні апталық ашылуына арналған жиын өткізілді. 11 мамырда  «Бірге жасайық-балалар көзімен » қызықты сөз тізбелер , жұмбақтармен құрылған тақта безендірілді. 14 мамырдан 18 мамыр  аралығында құрылған жоспарға негіздей отырып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс тәрбие танымдық сабақтар өткізілді.

Атап айтсам: 15 мамырда қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жағыпар  Ұлжан Мейрамқызының 7 «Ә» «Сөз тіркесі , күрделі сөз» атты ашық сабағы тартымды өтті. Келесі күні жас мамандар арасында ұйымдастырылған «Ұжымдық оқыту орындаушылық шеберлікті шыңдаужәне құзреттілікті дамыту негізі» атты мектеп ішілік семинар ұйымдастырылды. Мұнда екі мұғалім ашық сабақ өткізді .

Жумабекова Оразкул Маратовна 1 сыныпта « Кесінділерді өлшеу» тақырыбында саяхат сабақ берді.  Сабақ жаңартылған бағдарлама негізінде өте тартымды болды. Екінші сабақта 2 а сыныбында дүниетану пәнінен Шрам Ю.А. « Көне қала Отырар» тақырыбында акцион сабағын өткізді. Сабақ өткен өмір мен қазіргі заман бейнелерін көрсеткен тартымды сабақ болды. Семинар соңында жас мамандар тобы «Қызық екен...» танымдық тәрбиелік зияткерлік сайысын мұғалімдер арасында өткізді.

Сайысқа екі топ «Жігіттер» және «Қыздар» қатысты. Сайыстың соңы жас мамандар концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст