24.11.2025
24.11.2025 ж., 7 «Ә» сынып.
Сергеевка негізгі орта мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Бала құқығы – бала бақыты» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға арналған халықаралық акция аясында ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар:
– Бала құқықтары туралы конвенциямен,
– Қазақстан Республикасының “Баланың құқықтары туралы” заңымен,
– Баланың білім алу, демалыс, еркін пікір айту, қауіпсіз ортада өмір сүру секілді негізгі құқықтарымен танысты.
Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жағдаяттар талқыланып, «Менің құқығым және міндетім» атты тренинг ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шара оқушылардың құқықтық білімін тереңдетіп, өзіне және өзгеге құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.