Рецензия
Информатика пәнінен танымдық сабақ
16.02.2018 жылы
7 «Ә» сынып оқушылары
Сайысқа « Вирус» және « Антивирус»екі команда қатысты.
Сабақтың тақырыбы: «Информатика жұлдыздары»
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім
деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сайыс 6 кезең бойынша өткізілді.
1 - кезең. “Команда атауын қорғау”
2 - кезең. “Ойлан, тап!”
3 - кезең. “Компьютерді көп білемін.”
4 - кезең. “Жұмбақтар әлемі”
5 - кезең "Дебаттар"
6 - кезең. “Кім жылдам?”
1 кезең команда атауын қорғау «ВИРУС» және «АНТИВИРУС» топ басшылыры сайланып , өз командасын қорғады.
2 - кезең. “Ойлан, тап!” Адасып кеткен әріптерден 7 информатикаға қатысты сөз табу.
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Карточкамен жұмыс:
1. Компьютер құрылысы суретпен көрсету (негізгі және қосымша) суреттерін көрсету
2. Сұрақтарға жауап(диаграмма ) жасау
3 кезең сұраққа жауап: Миға шабуыл 24 сұраққа жауап берілді.
4 кезең оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жұмбақ шешу сайысы өткізілді.
5 кезеңде екі команда Интернет бізге керек пе ИЯ/ЖОҚ, компьютер бізге керек ИЯ/ЖОҚ сөз таласты.
6 кезеңде «БАҒДАРЛАМА» және «ПЕРНЕТАҚТА» сөз құрастыру топ басшылыр сайысы өткізілді.
Сөздер құрау : бар, ма, лама, бағдар, дара т.б.
Екі топтың ұпай сандары мен білімдерін бақылауға арнайы мамандар төрелік етіп, әр топ жұмыстарына баға берді. Жеңімпаз топты жариялады.
Қорытынды бойынша :
Жарыс құрылымы дұрыс ұйымдастырылған. Әрі сабақ, әрі танымдық сағат болды. Сайысқа
оқушылар белсене қатысты.Сайыс өте тартымды, әрі көңілді өтті.
Оқу ісінің меңгерушісі: Магзум Майра