"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауы

31.01.2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа

мүмкіндіктері» халыққа Жолдауы

24 –қаңтарда ұжымға тарих пәнінің мұғалімдері Хаз О пен Байжигитова Д таныстырды видио және презентация материалдармен. Нақты негізгілермен таныстырды.Төмендегідей мәліметтермен. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауын ықыласпен қабылдады.
Президенттің Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар ұсынылған. Жолдауда Мемлекет басшысы жүзеге асыруымыз үшін нақты 10 тапсырма берді: Олар:

1.Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7. Адами капитал – жаңғыру негізі.

8. Тиімді мемлекеттік басқару.

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Этномәдени бірлестіктер ғылым, мәдениет, білім, экономика, құрылыс, денсаулық сақтау, елдің қоғамдық-саяси өмірі секілді түрлі салаларда жетістіктерге жетті. Бүгінде олар Қазақстанның дамуы мен көркейе түсуіне өз үлесін қосуда.
Жолдауда айтылған тапсырмалар Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен басқа да құрылымдары жүзеге асыратын жұмыстардан айқын көрініс табатын болады. Сонымен бірге мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі.

Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек, баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек. Ендеше оны тәрбиелейтін, жоғары деңгейге жеткізетін – ұстаз. Ұстаздардың атынан үлкен рахмет.

Жашиг Алтынай

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст