"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру »бағдарламасы шеңберінде Сергеевка орта мектебінде ұйымдастырылған бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығының өтілуі туралы

08.12.2017

« Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасы шеңберінде

Сергеевка орта мектебінде ұйымдастырылған  бастауыш сынып

әдістемелік бірлестігі апталығының өтілуі туралы

 

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығы 20-30 қараша аралығында болып өтті. 

Тақырыбы: «Бастауышым бал бұлағым » 

Мақсаты: Оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру және шығармашылыққа баулу. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамиды.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары apтады, шығармашылықпен жұмыс жүргізеді. Апталықтың өтілу жоспары алдын- ала жоспарланып, бекітілді.

20- қараша күні 3 сыныптар онкүндіктің ашылу салтанатын ашты.

21-қарашада  бастауыш сынып оқушылары арасында «Қысқы көрініс» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Байқауға өз қызығушылықтарымен оқушылыр  қатысты. Бастауыш сынып оқушыларының салған суреттерін  

бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жумабекова Оразкул Маратовна мен бірге бастауыш сынып мұғалімдері талдау  жүргізді.Оқушылар тақырыптан ауытқымай сурет салды. Оқушылардың салған суреттері жайлы  мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, оқушыларға жүлделі орындар тағайындады.

Барлық мұғалімдер әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізді.

22-қарашада  Магзум Майра  2 «ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың құрмалас сөйлем  туралы алған білімдерін кеңейту. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақты психологиялық дайындықтан «Шаттық шеңбері» кезеңімен бастады. Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірлеріне сәттілік тіледі.  Оқушыларды жайылған киімдер  арқылы үш топқа бөлді. Әр топқа тапсырмалар беріліп топпен жұмыс жасады.Жұппен де , жеке де жұмыстар өз орнымен өткізілді.Сынып жаңартылған бағдарлама талаптарына сай жұмыс жасауға қалыптасқан сынып екені көрініп тұр. Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, өзін- өзі және өзара бағалау өткізілді. Сабақ бағдаршам тәсілі арқылы бағаланды.

23-қарашада  Тойшубекова Жансауле Карсаковна  3 ә сыныбында Қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбында саяхат  сабақ өткізді.Сабақ  адамның жеті кереметі бағыты бойынша саяхат сабақ болып өтті. Әр бөлімде орындалған тапсырма талапқа сай өте тартымды болды.

Сабақ аралық байланыс , пән аралық байланыс , сергіту сәті , бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде жоғарғы деңгейде құрастырылған.

24-қарашада Жумабекова Оразкул Маратовна 1ә сынбында Сауат ашу пәнінен « Қ қ дыбысы мен әрпі» тақырыбында кіріктірілген сабақ негізінде өткізілді.

    Сауат ашу мен дүние тану пәнін кіріктіре отырып, жаңа дыбыс жайлы толық білім берілді. Оқушылар білім деңгейіне білімдері сай екені байқалды. Себебі өтілген сабақтағы оқушылардың білімінен көрініп тұрды.

Сабақ ынтымақтастық атмосферада басталып, кері байланыс арқылы аяқталды. Топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлері әр кезеңде орнымен керектенді.

27-қарашада  Жашиг Алтынай 4ә  сыныбында математика пәнінен «Көлем бірліктері» танымдық сабақ өткізді. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінді. Әр топ мүшелері рөлдерді бөліп алды. Топтарға топ ережесін құру тапсырылды. Әр топ өз ережелерін құрды. Рефлексия. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын қорытты. «Жүректен жүрекке» оқушылар шеңбер құрып тұрды. Мұғалімнің оң жағындағы бала бастап келесі балаға қолындағы

жүрекше жастықшаны бере тұрып, өзінің жүрегінен шыққан тілек сөзін айтты.  Сабақтың тәрбиелік мәні зор, терең мағынада өтті.

28-қарашада 2-4 сыныптарды Шабыт балалар ұйымының Жас ұлан және Жас қыран қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Аға тәлімгер Мункебекова Куралайдың басқаруымен жиын тамаша өтілді. Оқушылар өз

өлеңдері мен әуенді әндерін еркін ортаға сала білді.

28-қарашада Усина Кульжан Базековна 3 а сыныбында математикадан « Закрепление изученного материала»    тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ дәстүрлі сабақ негізінде ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен  ұйымдастырылған. Оқушылардың білімі талапқа сай .

29-қарашада Шрам Юлия Андреевна 2 а сыныбында математика пәнінен «Решение задач» тақырыбында сабақ

берді.Сабақ жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған . Сабақта орындалуға тиісті шарттардың бәрі орындалды.

29-қарашада   Сергеева Валентина Николаевна 4а сыныбында орыс тілінен  « Склонение имен прилагательных единственного числа женского рода» тақырыбында қысқа саяхат сабағы өткізілді.Сабақ  эстетикалық

талапқа сай, слайд өте тамаша құрылған. Қыс тақырыбына сабақ байланыстырылған. Әр сабақ барысында бағалау қырау тамшыларымен бағаланып отырды.Оқушылар ережені өте жақсы білетіндері әріптестерінің көңілінен шықты.

 30-қарашада   Ашенова Гулнар Булатовна мен Жумабекова Оразкул Маратовнаның ұйымдастыруымен 1сыныптар

«Ережені жаттаймыз, өмірлерді сақтаймыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.   Оқушылар өз білетін жол

ережелері мен өлең жолдарын, саханалық қойылымдарын тарту етті. Өзге сынып оқушыларына ашық сұрақтар қойылып, білімдерін тексерді. Ата - аналар да бұл шараға риза болып қайтты. Сабақ интерактивті тақтамен жүргізілді.

1-4 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар» тақырыбында  дене шынықтыру мұғалімі Раймбеков Мейрам Табаевич сайыс өткізді. Қазақ халқының ұлттық ойындарына негізделе отырып өткізді.

Қорытынды: Бірлестік жетекшісімен пән  мұғалімдері өткізген әр  сабақтарға  тоқталып отырдық. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Пікір мен ұсыныстар кеңінен ортаға салынды. Апталық жоспар бойынша жүргізілді. Әрбір

өткізілген іс- шара рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  өмірмен байланысты өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан апталықтың өтілу барысы жақсы деп бағаланды. 

Нәтиже:

1. Мұғалімдер іс-шара өткізу  барысында оқытудың заманауи педагогикалық техналогиялар элементтерін және әдістерін қолданды.

2. Мұғалімдердің көбісі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.

3. Оқушылар іс-шараларда өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті.

4. Өткізілген іс-шаралар тек оқу ісіндегі білім берудің жақсы деңгейде екенін көрсетпейді, сонымен қатар оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.

5. Онкүндіктің жабылуында республикалық Ақбота марафонының жүлдегерлері мен онкүндікке белсене қатысқан оқушылар  мақтау қағаздармен мараптаталды.

Ұсыныстар:

1.Мұғалімдер сабақты дайындап, өткізгенде, оның нәтижесін көтеру мақсатында АКТ-ны кеңінен қолдансын.

2. Бастауыш сынып мұғалімдеріне апталықты өткізу барысында белсенді ат салысқандары үшін алғыс білдірілсін.

   

Оқу ісінің меңгерушісі:               Магзум Майра

 

Просмотров: 854


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст