"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы баспалдағы

03.11.2017

Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие

мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің

ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соңында жарқын құбылыстарға жетекші

бола бермекші. Осындай іс-шаралардың бірі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің  мерекесі. Қазан айының 20 күні мектебімізде 1 "Ә" сынып оқушыларының "Алғашқы баспалдағым" атты  1 сыныпқа қабылдау мерекесі өтті. Мерекелік кеште  сынып жетекшісі Жумабекова Оразгүл Маратқызы мен Жумажанова Гүлден Жумагалиевна  жүргізді. Оқушылар қонақтарға дайындаған тақпақтары мен  әндерін шырқап,  билерін билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мерекелік кешке Білгір мен Дымбілмес келіп,

оқушыларға өз тапсырмаларын орындатты. Барлық оқушылар  берілген тапсырмаларды өте жоғары деңгейде

орындады. Білгір мен Дымбілмес  оқушыларға өздері ала келген сыйлықтарын үлестірді. Оқушылардың барлығы оқушы антын қабылдады.  Білімді оқушыларды мектеп директоры Кожагулова Гүлден Табаевна  құттықтады. Сондай-ақ мектебіміздің түлектері оқушыларға өз ақыл-кеңестерін айтып, оқуда табыс тіледі. Мерекелік кеш оқушылардың "Балалығым балғын шағым" әнімен өз мәресіне жетті. 

 

1 сынып жетекшісі: Жумабекова О.М.

Просмотров: 652


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст