«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің
уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы,
ұстаздардың еңбегі ерен.
Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
2017 жылдың мамыр айының 15 нде Сергеевка орта мектебінде даярлық тобының тәрбиешісі Муратхан Данагул сауат ашу және жазу пәнінен жас мамандар арасындағы ұстаздардыңң өткізілетін ашық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы «Ч» дыбысы және әріп танбасымен таныстырылды. Сабақ өз деңгейінде өте жақсы өткізілді. Сабаққа оқушылар белсене араласып, көрнекілік құралдары қолдана отырып, слайд арқылы балармен жұмыс жасады. Берілген сабағы қатысқан ұстаздар ұжымына ұнады. Ашық сабаққа оқу ісінің меңгерушісі қатысып, барлығы өте жақсы және бағдарламаға сай өткізілді деп өз пікірін айтты. Данагуль қойған мақсатына жетті. Келешекте қзін тек қана биіктерде көрсете беруіне шын жүректен тілектеспіз.
Тәлімгері Тойшубекова Жансауле Карсаковна