"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар арасында өткізілген семинар - тренинг

19.04.2017

"Атбасар ауданының білім бөлімінің

 Сергеевка орта мектебі" ММ

оқу ісінің меңгерушісі

Магзум Майра

жоғары санатты

 

 

 Ұстаздар арасында өткізілген

семинар -  тренинг

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

 Сәлеметсіздерме? Аса қадірлі әріптестер!

Кез- келген істің нәтижелі   болуы еңбекке байланысты  десек  « Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан»- деп ұлы Абай атамыз  айтқандай  мектептің сапалы білім  , саналы тәрбие беріп, алдыңғы деңгейден  көрінуі  мектеп басшысымен , ұстаздарға байланысты  екендігі анық. Білім  мекемесінің игі істері  мекеме  басшыларының педагогикалық ұжыммен бірлескен қызметінің нәтижесінде байланысты. Мектеп басшыларымен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі паролі адамдық, саналы тәртіп,  бастамашылдық, педагогикалық мақсатқа лайық жұмыс болу керек. Мектепте мұғалімдер ұжымы үшін білім берумен қоса , оқушыларды  еңбекке тәрбиелеу басты міндет болып саналады.Білім мен тәрбиенің негізгі ұйытқысы ұстаз, жақсы істерді ұйымдастырып, бағыт беретін мектеп әкімшілігі екені сөзсіз. Басты мақсат: нәтижелі сапалы білім бере отырып,оқушының кәсіби дамуын жетілдіру, бәсекеге қаблетті  ұрпақ тәрбиелеу, ертеңгі дамыған қоғам  иесін қалыптастыру.Білімнің қайнар көзі мектепте десек, мектепті дамыту үшін жаңа ұғым ,жаңа әдіс- тәсілдер, жаңа

көзқарас  қажеттілігі өмір талабы екені анық. Мектептің қалыптасуын,тиімді қызмет  етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз  ететін ұжым мүшелерінің бірлескен игі істері болмақ.Менің өз пікірім: Мектеп басшысы мен  оқу ісінің меңгерушісінің еңбегінің жемісі ұстаздар мен оқушылардың жетістігі. Сол жетістікке жетуге апарар жол мейірімді жүрек , жылы жүз, кешірімді мінез деп санаймын.

      Бүгін сіздердің  көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Сіздерді өткен және алда келе жатқан көктемнің мерекелерімен шын жүректен  құттықтаймын! 

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс -тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін,ой-қиялынарттыру. 

Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру, іскерліктерін дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. 

Түрі:

Психологиялық тренинг сағаты 

Әдісі:

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап,  ой бөлісу және пікір алмасу. 

Тренинг ережесі: 

1. Белсенділікті арттыру 

2. Бірігіп жұмыс істеу 

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу 

4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену 

5. Өзіме пайдалы нәрсені алу 

6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу. 

7. Өзімді еркін ұстауға үйрену 

  

I. Ұйымдастыру кезеңі: 

Құрметті ханымдар мен мырзалар сіздерді ортаға шақырамын. Шаттық шеңберінде тұрып , ХАНЫМДАР МЫРЗАЛАР сөзін кезектесе айта отырып, 2 топқа бөлінесіздер!

II. Миға шабуыл 

Сіздерге әр топқа 1-1 сұрақтан  берейін! Сіздер топта талқылап, біреуіңіз ортаға шығып ойларыңызды айтасыздар.

Мырзалар тобына  сұрақ :

Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте нені білдіреді?

 Мырзалар ойы: 

Тренер талдау:

Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен

біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады. 


Ханымдар  тобына  сұрақ:

Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген сурет нені білдіреді.

Ханымдар ойы: 

Тренер талдау:

Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді.

 Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар! 

III.  Ой шарлау бөлімі:

Бейне логикалық сұрақ барлықтарыңызға ортақ . Тек тақтада көрсетілген сұрақтарға  белгілі уақытта жауап беретін

боласыздар!Мұқият болуларыңыз керек!

IV. Мағынасын таны бөлімі.  Мұнда ойын ойнаймыз. Ойының аты « Менің сүйіктім» Ойынның мақсаты: Көңіл күйді көтеру, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру. Әр топтан 3 адам ортаға келеміз.Ойын барысы: Қатысушылар орындыққа дөңгеленіп отырады. Тренер қуыршақ ойыншықты ұсынып, кім ойыншықтың қай жерінен искегісі келетінін айта отырып жасатады. Барлығы жасап болған соң, сағат тілі бойынша бір- бірінің дәл сол

жерін искеуді тапсырады.

Қорытынды:Қуыршақты иіскегекенде қандай көңіл күйде болдыңыздар?

                         Бір бірлеріңізді искегенде қандай көңіл күй орын алғанын сұрап,   пікірін тыңдау.

Рефлексия: «Ашығын айтсам» 

1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? 

2. Тренингтен қандай әсер алдыңыз? 

3. Тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай? 

Тренер сөзі: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады». Осы шеңбер бойынша тұрып,жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту. 

Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-бірімізге

жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. 

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық!. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек атты бүгінгі тренингім  аяқталды .

 

 

Просмотров: 564

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст