"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табысымыз баршамызға ортақ ......

14.04.2017

Табысымыз баршамызға ортақ ......

Сәуір айының 5 жұлдызы күні Атбасар ауданының № 6 мектебінде 1-2 сыныптар арасында «Білімге жол » атты алғаш рет аудандық  марафон байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың 1- айналымы өз мектептерінде өткізіліп, озық шыққан оқушылар қатысты. Бұған біздің мектептен 3 оқушы жолдама алған еді. 1 ә сыныбынан Жансабекова Айгерім, 1а сыныбынан Крутенко Илья, 2 ә сыныбынан Жансабекова Аяулым.

Оқушылар 7 пән бойынша өз білімдерін ортаға салып, жоғары нәтиже көрсетіп шықты.

1а сынып оқушысы Крутенко Илья математика пәнінен II орын , орыс тілінен  I орын иеленсе;

1 ә сынып оқушысы Жансабекова Айгерім әдебиет пәнінен I орын, дүниетанудан III орын иеленді;

2 ә сынып оқушысы  Жансабекова Аяулым әдебиет пәнінен I орын, дүниетанудан I орын,қазақ тілінен I орын иеленіп өзгелерге үлгі болды.

Біз осындай дарынды оқушыларымыз барына мақтанамыз. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың  еңбегі еленіп, шығармашылықтары  арта берсін!

 

Оқу ісінің меңгерушісі                  Магзум  Майра

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст