Еңбегіміз еленді......
Мен бір кеменің ескегін бірге есіп, бір қазанда бірге қайнайтын ұжымым үшін мақтанамын.Көктемнің шуақты айы басталысымен мектебіміздің мерейі үстем болды .Олай дейтінім 5 жылда 1 рет болатын білім ордасының басшыларының аудандық семинары наурыз айының 16 шы жұлдызында біздің мектепте өткізілді . Аудан білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина жетекшілік еткен аудандық әдіскерлер, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілерімен 60 адам мектеп жұмысымен танысуға келген еді.14 мұғалім өз іс- тәжірибелерін бөлісуге келген әріптестеріне өз ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс- шараларын назарларына ұсынды. Барлық жоспарланған жұмыстар жоғары деңгейде өткізілгендігін айтып , әріптестер алғыстарын айтты. Бұл біздің мұғалімдеріміз бен мектеп басшымыздың еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Барлық ұстаздар қауымына еңбектерінде шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін.!
Оқу ісінің меңгерушісі: Магзум Майра