Атадан қалған асыл мұрамызды
көздің қарашығындай сақтайық!!!
Көне заманнан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген алтын зергерлік бұйымдар мен ата-бабамыздың бізге мұра ретінде қалдырған деректер жиынтығын жинақтай отырып мектебімізге мұражай ашқан едік. Мұражайда қабырға тақтайшалары әр бағыт бойынша рәсімделді.
Мұнда: 1.Ауыл тарихы.
2. Еңбек және соғыс ардагерлері.
3. Мектеп өмірі.
4. Ауыл мақтанышы.
5. Қазақ мектебінің тарихы.
6.Балабақша «Күншуақ»
7. Мектептің алтын қоры.
8. Мектеп басшылары жайлы кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар көне сақ дәуіріндегі қыш құмыралар , алтын теңгелер, қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, көне музыкалық аспаптар, көшпелі халықтардың баспанасы болған кигіз үй макеті құрылған. Мұражайды ашуға мектеп ұстаздары, ата- аналары, оқушылар зор үлесін қосты.
Тарих пәнінің мұғалімі: Хаз Отанбек