"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сергеевка отдела образования по Атбасарскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика пәнінің онкүндігі

23.02.2017

Сергеевка орта мектебінде физика ,математика, информатика

 пән мұғалімдерінің онкүндігінің өтілуі жайлы есебі.

 

Физика ,математика, информатика  пән мұғалімдерінің  онкүндігі    06 ақпаннан 16-шы ақпан  аралығында өткізілді.  ӘБ мүшелері  «физика ,математика, информатика  пәндерінің сабақтарын заман талабына сай түрлендіре өткізіп , жаңа технологиялардың элементтерін керектену арқылы оқушыларға сапалы білім , саналы тәрбие беру» тақырыбында іс –шараларын жоспарлап өз жұмыстарын жүргізді.

  Алға қойған басты мақсаттары:

1. Әр пәнде жаңашылық танытып ,оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2. Оқушылардың шығармашылық ,ізденімпаздық , дарындылық қабілетін шыңдау , теориялық білімдерін тереңдету .

Ақпанның 8-і күні  физика пәнінің мұғалімі «Токтың жұмысы мен қуаты.Джол-Ленц заңы» атты ашық сабақ 8Ә сыныбында өткізілді.Бұл сабақ жаңартылған бағдарлама бойынша өтті.Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, кездескен кедергілерді бірілесе жеңе білді. 9А сыныбында  алгебра пәнінен  «Основные тригонометрические тождества» деген тақырыпта ашық сабақ Абдрахманов Нұрлан Берлибекович өткізді.

9-шы ақпан  күні 6Ә сыныбында математика пәнінен «» тақырыпта ашық сабақты Зейнолда Оралбек өткізді, бұл мұғалім сабақта өз шеберлігін ерекше көрсете білді. «Кесте. Кесте құру» тақырыбында Байсарина Жазира Боранбаевна ашық сабақты  6Ә сыныбында өткізді.

"Брейн-ринг"  7-8 сыныптар арасында физика және информатика пәндерінен  ойын сабақты Бохан Силау мен Байсарина Жазира Боранбаевна өткізді.  "Час весёлых забав" атты сыныптан тыс іс-шараны 8-9 сыныптар арасында Абдрахманов Н.Б өткізді. Зейнолда Оралбек  «Қызықты  математика КВН» сайысын 8-9 сыныптар арасында өткізді.

Он күндік аралығында оқушылар өз білімдерін ортаға салып , өз белсенділіктерін көрсете білді. Сабақтан кейін ӘБ мүшелерімен мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Магзум Майра ұстаздардың әр бір жұмысын қортындылап, кеткен кемшіліктерімен жеткен жетістіктерін айтып отырды.Он күндіктің соңғы күнінде   белсене қатысқан оқушылар, мұғалімдер  мадақталды.

 

 

                                     ӘБ басшысы           Бохан Силау

                                                                                         15.02.2017жыл

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст